"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

                                                                                      БЕКІТЕМІН:

                                                       «Жаңаауыл ауылының

                                                       бастауыш  мектебі» КММ

                                                                                     меңгерушісі У.Е.Махметова                                                                                               

                            2022-2023 оқу жылының

жазғы демалысты және мектеп алаңын ұйымдастырудың   

мақсаттары мен міндеттері

 

         Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

 

                Мектеп алаңының жұмысын ұйымдастырудың

 

 мақсаты:

 

      Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

 

 

 негізгі міндеттері:

 

  • Ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани  әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;
  • Оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттылықты қалыптастыру;
  • Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
  • Оқушылардың салауаттылық өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;

3

  • Оқушыларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту,  шығармашылық ойлауды дамыту;
  • Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту;
  • Оқушылардың лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін, дербестігін және өнерлерін шыңдау;

 

Мектеп алаңының жұмысын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:

 

  1. Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі;
  2. Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
  3. Балалардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әрекетте өз    қабілеттерін көрсету мүмкіндігі;

 

Күтілетін нәтиже:

 

  • Жазғы демалыстың, сауықтырылудың, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың пайдасын асыру;
  • Оқушылардың физикалық және психологиялық көрсеткіштерінің жақсаруы;    
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортамен, қоғаммен, және өзімен қарым -қатынасының дұрыс қалыптасуы;
  • Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына медико-физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық бақылауды жандандыру;
  • Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы;
  • Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамдық орындарда жүріп- түру ережелерін қалаптастыру.

 

 

 Мектептің жанынан ашылған «Балдырған» алаңының ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары.

 

Өтетін іс-шаралар

Уақыты

Жауапты

  1.  

1. «Қош келдің, көңілді жаз!» тақырыбында салтанатты ашылуы       1.Қауіпсіздік ережесі                                 2. Футбол ойыны     

02.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Патриоттық күн                                    Таңғы жаттығу (қабылдау)                  1.«ҚР Мемлекеттік символдары» викторина                                                     2. «Гүлдене бер, Қазақстан!» тақырыбына сурет салу сайысы

05.06

Сынып жетекшілері

  1.  

1. Таңғы жаттығу (қабылдау)                     2. «Табиғатты аялайық!»  табиғат аясына саяхат

06.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Үйірме  күні                                        Таңғы жаттығу (қабылдау)                1.«Мен шебермін!» шеберлік сағат

07.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Ұлттық ойындар күні                          Таңғы жаттығу (қабылдау) 1. Асық атқан озар...»                                                         2. Шахмат, дойбы сайысы

08.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Спорт күні                                           Таңғы жаттығу (қабылдау)

1. «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз» эстафеталық ойын

09.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Ертегілер еліне саяхат                         Таңғы жаттығу (қабылдау)                        1. Ерте,ерте,ертеде ...                                 2. «Сен білесің бе?» танымдық мультфильм                                                3.  Таза ауадағы ойындар

12.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Еңбек күні                                        Таңғы жаттығу (қабылдау)                        «Тазалықты сақтаймыз,гүлдерді де баптаймыз»

13.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Кітап күні                                            Таңғы жаттығу (қабылдау) 

«Мен оқимын, сен де оқы»                     

14.06

Сынып жетекшілері

  1.  

Шығармашылық күні                       Таңғы жаттығу (қабылдау)  «Асфальттағы суреттер»

15.06

Сынып жетекшілері

11

Алаңның салтанатты жабылуы

16.06

Сынып жетекшілері

 

Жаңартылған күні: 11.04.2019 09:08
Құрылған күні: 11.07.2023 19:29

Текст