"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс

Жаңауыл бастауыш мектебі

2018-2019 оқу жылы

Жазғы сауықтыру алаңы

 

                Үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау-бүгінгі педагогикалық жүйенің негізгі міндеті саналады. Осы міндетті жүзеге асыруда оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырудың да маңызы зор.

         Жазғы демалыс уақыты жыл бойынша оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Бірақ барлық ата-ана бірдей балаларының демалысын дұрыс ұйымдастырады деп айту қиын.Жазғы демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру алаңы іске асырады.

 

Мақсаты:

«Балдырған» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

         Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық.

       1 маусым күні «Демаламыз, күлеміз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Біз бақытты балдырған» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. .  Жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді,  оқушылар әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулу жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіліп отырылды. Түрлі спорттық іс – шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде:

- Жазғы мектеп жанындағы «Балдырған» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.

- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.

- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.

 

              

 

                    

 

 

 

           

Жаңартылған күні: 11.04.2019 09:14
Құрылған күні: 10.07.2019 15:59

Текст