"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар үшін

Қыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс- тұрысы

  • Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарылату және ықыласпен жолға қарау.
  •  Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді.  Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.
  • Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. 
  • Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдардың көруі қиындай түседі.. Сондықтан аса сақ болу қажет.
  • Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағанын көргеннен кейін ғана өту қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.
  • Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.
  • От алмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Жұқа мұздан сақ болыңыз.. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Осы себептен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

  • Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупi өлiмге әкелуi мүмкiн. Есте сақта, су тасқыны кезеңiнде, тiптi болмашы сең жүргенде әрқашан балалармен бақытсыз жағдайлар болады.
  • Мұны білу қажет! Қалыңдағы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
  • мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жағажайдағы жардан сырғанып түсуге;
  • тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
  • мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
  • егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға болмайды.

 

Жол ережелері:

  1. Тротуардан тек оң жағынан өтіңіз. Егер қозғалыс болмаса, жолдың сол жақ жиегімен қозғалысқа қарай жүріңіз.
  2.  Жаяу жүргінші көрсетілген немесе жасыл бағдаршам орнатылған жолды кесіп өтіңіз.
  3. Жолды кесіп өткенде алдымен солға, сосын оңға қараңыз.
  4. Егер бағдаршам болмаса, жол қиылысынан өтіңіз.
  5. Жолды жақын көліктің алдынан кесіп өтпеңіз.
  6. Жол бойында ойындарға қатаң тыйым салынады.
  7. Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;

 

Сырттағы жеке басының қауіпсіздігі:

1. Егер артынан біреу жүгіріп немесе ілесіп келе жатса, ал үйіне дейін қашық болса, онда жақын жердегі адамдар көп жерге қарай жақында, дүкенге немесе аялдамағақарай бар.

2. Егер таныс емес адамдар сені күштеп алып кеткісі келсе, «Құтқарыңдар! Мені таныс емес адам алып кеткісі келіп тұр» деп көмекке шақыр.

3. Таныс емес үлкен адамдардың еш айтқанына келіспе.

4. Таныс емес үлкен адамдармен ешқайда барма, олармен бірге көлікке отырма.

5. Ешкімге үйдегілерде ақшаның көп екендігін айтып, мақтанба.

6. Егер үйде үлкендерден ешкім болмаса, онда үйге ешкімді шақырма.

7. Қараңғы түскенде сыртта ойнама.

 

Жаңартылған күні: 11.02.2024 15:01
Құрылған күні: 11.02.2024 16:15

Текст