"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал болып өсеміз

Жемқорлық індет, жою міндет

Тәрбие сағаты

Мақсаты: 1.“Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, плакаттар, электронды құралдар
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ - жауап, видеоролик
Барысы: Хор: «Қазақстан Республикасының ән ұраны» орындалады
Оқушылар біз бүгін «Сыбайлас жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіземіз.
Енді жүргізушілерімізді ортаға шақырайық

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Жемқорлық індет, жою міндет» атты  тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің  тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру.
1 - жүргізуші: Қанағат етсе екен барлық жандар,
Адал жолмен астарын тапса екен.
Арам жолмен тапқан бар пайдасын,
Көріп тұр көктегі жалғыз - Алла!!!
Көрініс: Парақор салықшылар
2 - жүргізуші: Адам - ғалам ғажайып, жеке - дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Ақындардың түсініктері: Асылзат.: Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»
Байырхан: Ұлы Абай: “Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”
Азамат: Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Әлішер: Аристотель: «Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек».
1 - жүргізуші: Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
2 - жүргізуші: АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Хор: «Ұстазым менің»
1 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Тақпақтар: 1 -Санжар
Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән көп.
Түстім бе деген тура жол
Көрінбейді тұман боп
2 - Дина
Адалдық өміріңе керек нәрсе
Олда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай
Адам боп өзін өзі меңгермесе
3 - Елдар Несиені, қарызды жек көреді
Өсім берсе,- ептелеп еп көреді
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені
4 - Айша
Адалдық ар жанымның садақасы
Көрмегем тар қолтықта шалыс басып
Үмітім ізгіліктен үзілмейді
Намысым талабымды қамшыласып
Адалдық - табынарым таңдай таза,
Жүдейді жаным реңін кіршік шалса
Жүргінші көшедегі жәбір көрсе
Төрдегі жүрегімде болмас маза
2 - жүргізуші: Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Ойын жалғасын тап
Мақал - мәтелдер: Адалдық - ардың ісі
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде
Шындық жоқ жерде сұмдық көп
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады
«Жемқорлық міндет, жою міндет» атты ашық тәрбие сағатымызға келгендеріңізге рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
Жүргізушілер: Рахмет. Спасибо. Thank you
Хор: Атамекен

 

Жаңартылған күні: 11.04.2019 09:15
Құрылған күні: 25.11.2020 16:45

Текст