"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жігіт сұлтаны

«Жігіт  сұлтаны» сайысының сценариі

 

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 -4 сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы бес жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
 

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді Айқын
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
  

2 . Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Ахмет

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Алаш  атты жігіт болған сарбазды

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Әлішер

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Ерасыл

6. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Байырхан

Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады.

 

-жүргізуші: Ал, енді мейрамның қонақтары!
Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейік:                                         1-ші кезең         «Таныстыру» Жігіттер өздерін таныстырады.                                                                  2-ші кезең жігіттеріміздің білімділігін байқау. «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.

3-ші кезең      «Күш сынасу»
4-ші кезен      «Атадан қалған асыл сөз» яғни, мақал-мәтел сайысы
5-ші кезең       «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.
Құрметті достар! Сайысты сарапқа салып бағалау ұшін, әділ-қазы алқасымен таныстырайын.
 

1. Таныстыру
Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.


Бас иіп сәлем берем баршаңызға,
Бас ию ежелден болған халқымызда .
  Жамбыл Ахмет     мен боламын,
Әрқашан әділдікке басымды ием.
Қатысамын «Жігіттер сұлтаны» байқауына.



Ізетпен сәлемдесу адамдыққа бастайды,
Жаратқан ұрпағының адал ісін қостайды.
Басымды иіп сәлем бердім бәріңе,
Әділ қазы шын жүйріктің бұл бәйгеде растайды.
Кауди Ерасыл мен боламын,
Жарық күнде сәуле қуған мен балаң.
 



Жақсылық Әлішер мен боламын,
Биыл мен тоғыз жасқа толамын.
Тәуелсіз елім Қазақстанның
Сүйікті ұлы болу бір қалауым..



Ассалаумағалейкум,дана халқым!
Құрметтеген халқымның ата салтын.
Ізетпенен бас иіп сәлем берем,
Тілеймін болсын мәңгі жүзің жарқын.
Таныстырып кетейін мен өзімді,
Тыңда халқым құлақ сал сөзімді.
Бақытұлы Алаш мен боламын,
Болсам деймін нағыз жігіт қиындыққа төзімді.


Таныстырып өтейін мен өзімді,
Құлақ салып тыңдаңыздар сөзімді.
Мен боламын Қайратұлы Байырхан,
Топқа түсіп бағым сынар, төзімді.


Жігіт сұлтаны сайысына келіп тұрмын,
Бойымда бар өнерді беріп тұрмын.
Ассалаумағалейкум жиылған жұрт,
Көзіңнен қуанышты көріп тұрмын.
Атым менің Сұраған Айқын
Жеңіске жетерім айқын.
Ел үмітін ақтаймын
Қарап тыныш жатпаймын.
 


2 - кезең бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 балл.

«Еңбек –ердің санаты,Білім-ердің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу,ақылды жігіт ата-ананың жанып тұрған шырағы емес пе?Олай болса келесі кезеңіміз «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап

2-сыныпқа    1-оқушы

1.1 км-де неше метр бар?
2.Зат есім деген не? Мысал келтір.

3.Тірі табиғатқа не жатады? Оларға не қажет?
4.3*7

5. Тудың авторы кім? 2.Неше түс бар? Атап шық.

2-оқушы.

.1 жылда неше ай бар?
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3.сын есім деген не? ? Мысал келтір.

4. Өлі табиғатқа не жатады?

5.4*7

3-сыныпқа   1-оқушы

1. . 3 санының кубы нешеге тең?
2. . Сөйлем түрлерін ата?

3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?

4.күш түрлерін ата. Мысал келтір.

5.климат белдеулерін ата

2-оқушы

  1. . 5 санының кубы нешеге тең?
  2. . Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады?
  3. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы?
  4. Жер қабықтарыны ата
  5. Ұлы тұлғаларды ата Олар немен айналысқан

4-сыныпқа  1-оқушы

  1. тәуліктің ¼ қанша
  2. Кітапқа, оқушыға сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?
  3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5асыл істі  ата

1.4.тұңғыш қазақ ғарышкерін ата. Қай жылы ғарышқа үшты?

1.5. . Ер жігіттің бес қаруын ата(Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)

2-оқушы

2.1.1 сағаттың 1/5 қанша

2.2. Кітаптың, оқушының сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?

        2.3 А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі . 5дұшпанды ата

         2.4.Жердің серігін ата.

2.5.  Жеті атаңызды атаңыз

Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

3-кезең

Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.


Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

Әр жігітке 4 мақалдан  беріледі,олар жалғасын табулары керек.

        1-оқушыға:

1. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

2. Отан – (оттан да ыстық. )

3. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

4.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

   2-оқушыға:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етсең ерінбей,

4.Жүз теңгең болғанша,

 

   3-оқушыға:

  1. Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

2.су- тіршілік көзі

       3.Бірлік болмай … (тірлік болмас).

      4.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

 

  1. -оқушыға:

1.    Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

  1.  Ел іші (алтын бесік)
  2. Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.
  3. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.

5-оқушы

1.Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.                       

2. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

      4.  Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)

 6-оқушы

     1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

     2.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)

     3.Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

     4.Жаңбыр жауса жер ырысы, (Батыр туса, ел ырысы)

 

5- бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, класымыздың аруы Мұхит Әсемнің орындауында «Қаражорға» әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
3. «Өнерпаз жігіт»
4. «парасатты жігіт»
5. «Алғыр жігіт».
6. «Шымыр жігіт».
. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
 

Жаңартылған күні: 12.05.2019 23:42
Құрылған күні: 12.05.2019 23:42

Текст