"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал болып өсеміз

Адал болып өсеміз

Сынып сағаты

Мақсаты:

1.“Өзгелерге қиянат жасамау, адал болу” деген ұғымдарды түсіндіру.
2.  Адалдық туралы  көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық адамгершілік сезімдерді  қалыптастыру
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, плакаттар, электронды құралдар
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ – жауап

Барысы:
Оқушылар біз бүгін «Адал болып өсеміз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіземіз.
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз сендерді кіші жастан бастап  адал жолмен жүруге, адал болуға шақырады.


Мұғалім: Адам - ғалам ғажайып, жеке - дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Ақындардың түсініктері:
оқушы
 1- оқушы: Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»
2 -оқушы : Ұлы Абай: “Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ.”
3-оқушы : Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Мұғалім: Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
 1 - оқушы:
Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән көп.
Түстім бе деген тура жол
Көрінбейді тұман боп
2 - оқушы:
Адалдық өміріңе керек нәрсе
Олда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай
Адам боп өзін өзі меңгермесе
3 – оқушы:
Несиені, қарызды жек көреді
Өсім берсе,- ептелеп еп көреді
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені
4 - оқушы:
Адалдық ар жанымның садақасы
Көрмегем тар қолтықта шалыс басып
Үмітім ізгіліктен үзілмейді
Намысым талабымды қамшыласып.

Мұғалім: Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Ойын жалғасын тап
Мақал - мәтелдер: Адалдық - ардың ісі
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде
Шындық жоқ жерде сұмдық көп,
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады

Қорытынды: Адал жолмен жүру, адал адам болу- міндетіміз.  Әркез адалдықты жақтаушы ретінде танылсаңдар, жақсы азамат боласыңдар. Аталарыңның баласы ғана емес, адамның баласы болуға шақырамын.  Адалдық жолмен жүруге ешқашан шаршамаңдар. Адалдық- адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенділік танытқан оқушыларға алғысымды білдіремін.


 

                                                                                                         Мұғалім   Махметова  Г.Н.

Жаңартылған күні: 30.10.2019 21:52
Құрылған күні: 30.10.2019 21:52

Текст